Тұрсынбай Құлахмет екінші жекпе-жегінде WBC титулын иемденді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (1-0, 1 КО) MTK Global промоутерлік компаниясы ұйымдастырған Оңтүстік Крикбидегі (Ұлыбритания) бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Онда Құлахмет бірінші орта салмақта WBC International чемпионы вакантты белбеуі үшін жеңіліп көрмеген британдық Маколей Макгоуэнмен (14-0-1, 3 КО) титулдық жекпе-жек өткізді. Тоғыз раундқа есептелген бұл айқас төрешілердің шешімімен (99-89, 99-89, 99-89) бірауыздан Тұрсынбайдың жеңісімен аяқталды. Жетінші раундта британдық нокдаунға түссе, сегізінші раундта рефери қазақстандық боксшының есебінен бір ұпай шегерді.

26 жастағы қазақстандық үшін бұл кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі болатын. Ал қарсыласына келер болсақ, Макгоуэн алғаш рет жеңіліс тапты.

Соңғы жаңалықтар