ТЖ кезінде жұмыс істеген қостанайлық дәрігерлерден үстемеақыны қайтаруды талап еткен

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный ауруханасының екі дәрігері облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұйғарымы бойынша карантин кезіндегі жұмыс уақыты үшін жалақыға үстемеақыны қайтаруға тиіс болған. Бұл оқиға дәрігерлердің пайдасына шешілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті коронавирус инфекциясымен күреске бөлінген бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша тексеру жүргізген. Іс барысында еңбек заңнамасының талаптары бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен белгіленген дәрігерлерге негізсіз үстемақы төлеу анықталған.

Аудиторлық қорытындыға сәйкес, еңбек заңнамасының бұзылуы үстеме ақы төлеу дәрігерлерді ауыстыру және еңбек шартына өзгерістер енгізу туралы бұйрықтарсыз жүзеге асырылуынан болды. Тексеру қорытындысы бойынша аурухананың кірісіне 2 млн теңгеге жуық соманы қалпына келтіру туралы ұйғарым шығарылды, ол инфекциялық стационардағы жұмысы үшін екі дәрігерге үстемақы түрінде төленген. Шығарылған ұйғарымды орындаудың салдары: дәрігерлердің төленген үстемеақыны қайтаруы«,-деп түсіндірді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот алқасы аурухананың апелляциялық шағымы бойынша бұл істі қайта қарап, еңбек заңнамасының бұзылуы ресми сипатта болғанын анықтады. Дәрігерлер 2020 жылғы сәуір – тамызда белгіленген төтенше жағдай және карантин режимі кезеңінде стационарда дәрігерлік қызметті жүзеге асырды. Талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды.

Авторы: Жанна Мусабаева


Соңғы жаңалықтар