ТЖ режимі: Коллекторлар борышкерлерге 16:00-ден кейін хабарласпайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлттық коллекторлар палатасы палатаға әлі қосылмаған барлық коллекторлық агенттіктерге төтенше жағдай режимі және карантинге байланысты енгізілген уақытша шектеулерді ұстануға шақырды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Ұлттық коллекторлар палатасы төтенше жағдай режимі біткенше Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмыс істейтін қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыруды ұсынды. Сондай-ақ, екі мегаполисте тұратын банкте қарызы бар адамдарға баруды, жеке кездесулерді тоқтата тұру ұсынылды.

«Тұрғын үйлерде, жер үйлерде карантинге жабылып отырған қарызы бар адамдарға қатысты кез келген әрекет түрін тоқтатуды ұсынамыз. Сондай-ақ, Нұр-Cұлтан, Алматы қалаларында тұратын банкке берешегі бар адамдарға сағат 16:00-ден кейін хабарласуды тоқтата тұру керек. Несие берушілердің қарыз алушыларға сотқа шағым беруі үшін материалдарды дайындауды да шегеру қажет», - дейді Александр Терентьев.

Мәлім етілгендей, қазіргі уақытта Ұлттық коллекторлар палатасы қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшкен.


Соңғы жаңалықтар