ТЖД-ның шомылу ережесіне құлақ аспаған жігіт суға кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында 25 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 11 шілде күні Қарабалық ауданының Тоғызақ өзенінде болған. Сағат 18.00 шамасында ТЖД кезекші бөлімі 1995 жылы туған жігіттің суға батып кеткені туралы хабар алған.

«Сағат 20.35-те ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері ер адамның денесін судан алып шықты. Бұл орында бірнеше сағат бұрын департамент қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп кеткен. Су жағасындағы адамдар арнайы нұсқаулықтан өтіп, қол қойған. Олардың арасында суға кетіп қалған жігіт те болған», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Құтқарушылар тұрғындарды суға түскенде барынша сақ болуды ескертеді. Қатты ыстық күнде демалыс орындарына, орман, саябақ аймақтары мен жабдықталмаған жағажайларға бармауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар