ТЖК мамандары өзен мұзын жару жұмыстарын жүргізуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде жалпы ұзындығы 11 мың шақырым арық пен арналар тазартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ауа температурасының жоғарылауына байланысты Ақтөбе, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарының өзендерінде мұз көбесінің сөгілуі басталды. Мұздың кептелуін болдырмау мақсатында оларды қопсыту жұмыстары жүргізілуде», - делінген баспасөз хабарламасында.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде 129 рет мұзды жару жұмысы ұйымдастырылды.

«11 мың шақырым арықтар мен арналарды тазалау жұмыстары жүргізілді. 15 млн. астам текше метр қар шығарылды. Автомобиль жолдарында 25 мың және теміржолдарда 5 мың су өткізу құрылыстары тазартылды. Су тасқыны жағдайлары үшін ішкі істер органдарының күштері мен құралдарынан барлығы 9 мыңнан астам адам және 1,5 мың техникасы дайындалды», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар