ТЖМ: Қазақстанның 10%-ын әлі де қар басып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин су тасқыны қаупі бар өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қар жамылғысының жай-күйі туралы айтар болсақ, Қазақстан аумағында ақпанның аяғында және наурыздың басында ауа райы нашарлады және еліміздің шамамен 10%-ын әлі де қар басып жатыр. Бұл негізінен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, ішінара Қостанай облыстары және Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының таулы аудандары», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр ақпан айының басынан бастап ТЖ жөніндегі комиссия отырыстары, оның ішінде Үкімет отырыстары өткенін, онда нақты іс-шаралар айқындалғанын және алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары бойынша тапсырмалар берілгенін айтты.

«Алдын ала жасалған жұмыстар бүгінгі күні елді мекендерді су басу қауіптері барынша азайтылған деп айтуға мүмкіндік береді», - деді Юрий Ильин.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі елімізде 46 үй мен 67 автожолды су басқанын айтқан еді.

Сонымен бірге Түркістан облысында су бөгетін сапасыз жөндеу кесірінен 4 елді мекенді су ала жаздады.



Соңғы жаңалықтар