Уәлиханов ауданында сайлау мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін - СҚО

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында ауыл әкімдерінің сайлауы халықтың белсенділігіне орай мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Уәлиханов ауданы тұрғындары 3 ауылдық округ әкімін сайлайды. Аудан халқының 921-і бүгін конституциялық құқығын пайдаланып жатыр.

Олар 9 кандидаттың ішінен таңдау жасайды.

«Кандидаттардың үшеуі «Нұр-Отан» партиясынан, қалған 6-ы - өзін-өзі ұсынғандар. Сайлау учаскесі бес елді мекенде орналасқан. Халықтың белсенділігі жоғары. Осы уақытқа дейін барлық сайлаушылардың 77 %-ы дауыс берді. Бұл – 700-ден астам адам», - дейді Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Біржан Хасенеев.

Ауыл әкімі лауазымынан үміткерлердің үшеуі – әйел.

«Жалпы аудан бойынша ауыл әкіміне үміткерлердің ең жасы Қайрат ауылдық округінде тіркелді. Ол 1983 жылы туған азамат. Ал, жасы үлкені Қаратерек ауылдық округінде, 1964 жылы туған әйел», - дейді Біржан Хасенеев.

СҚО-да осы уақытқа дейін барлық сайлаушылардың 60 %-тен астамы дауыс берді.

Аққайың, М.Жұмабаев, Айыртау және Шал ақын ауданында тұрғынардың белсенділігі жоғары, көрсеткіш орта есептен жоғары.

Тайынша ауданы 44 %-бен әзірге көш соңында келеді.


Соңғы жаңалықтар