ҰБТ-ның мерзімін өзгертуге ешқандай негіз жоқ - Асхат Аймағамбетов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеу уақыты бұрын бекітілген мерзімде өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы тікелей эфирде ата-аналардың, ұстаздар мен мектеп директорларының сұрақтарына жауап береді.

«Ұлттық бірыңғай тестілеу деген біздің әрбір түлегіміз үшін маңызды қадам. Қазіргі осы жағдайда тиісті көмек беруіміз керек. Сәйкесінше, Ұлттық тестілеу орталығына тиісті тапсырманы жүктеген болатынбыз. Қазіргі кезде бұл тапсырма іске асырылуда», - деді министр.

Осы орайда Ұлттық тестілеу орталығының сайтында балалар ақысыз ҰБТ-ға дайындалады.

«Қазір ҰБТ-ның мерзімін өзгертуге ешқандай негіз жоқ. Біздің көршілес елдердің емтихандары мамыр айында болса, олар сынақты маусымның басына ауыстырды. Бірақ біздікі мамыр айының аяғында емес, маусымның айының аяғында, яғни шілдеге қарай. Ол уақытқа дейін бұл жағдай тынышталып, дәстүрлі режімге келетін болсақ, ҰБТ-ны бұрынғыдай өткіземіз деп үміттенеміз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, министр тоғызыншы сыныпты бітіріп, колледжге баратындарға қатысты мерзімдер өзгеріске ұшырамағанын айтты.

«Төртінші тоқсатынды аяқтап, ары қарай оқуын жалғастыруға мүмкіндіктері болады», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар