УЕФА Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің ресми добын таныстырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - УЕФА өз туиттерінде Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсететін 32 команда ойнайтын допты көрсетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Футбол добы турнир түстерімен жасалған. Сондай-ақ, допта Еуропа лигасының финалы өтетін Гданьсктегі (Польша) стадион бейнеленген.

1/16 финалдың жұптары:

«Вулверхэмптон» (ENG) - «Эспаньол» (ESP)

«Спортинг» (POR) - «Истанбул Башакшехир» (TUR)

«Хетафе» (ESP) - «Аякс» (NED)*

«Байер» (GER)* - «Порту» (POR)

«Копенгаген» (DEN) - «Селтик» (SCO)

АПОЕЛ (CYP) - «Базель» (SUI)

ЧФР (ROU) - «Севилья» (ESP)

«Олимпиакос» (GRE)* - «Арсенал» (ENG)

«Алкмаар» (NED) - ЛАСК (AUT)

«Брюгге» (BEL)* - «Манчестер Юнайтед» (ENG)

«Лудогорец» (BUL) - «Интернационале» (ITA)*

«Айнтрахт» (GER) - «Зальцбург» (AUT)*

«Шахтер» (UKR)* - «Бенфика» (POR)*

«Вольфсбург» (GER) - «Мальме» (SWE)

«Рома» (ITA) - «Гент» (BEL)

«Рейнджерс» (SCO) - «Брага» (POR)

Еске сала кетейік, турнирдің топтық кезеңіне Қазақстан чемпионы «Астана» ФК қатысқан. «L» тобында ағылшындық «Манчестер Юнайтед», голландтық «АЗ Алкмааром» және сербиялық «Партизанмен» кездескен қазақстандық клуб небәрі бір жеңіске жетіп, соңғы орынмен ойынды аяқтаған болатын.

Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы матчтары 2020 жылдың 20 ақпанында, қарымта кездесулері 27 ақпанда болады. Турнир финалы 27 мамырда Гданьскте өтеді.

Соңғы жаңалықтар