UEFA Конференция лигасы: Бүгінгі ойындарды қайдан көруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 29 шілдеде UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында қазақстандық «Астана», «Тобыл» және «Шахтер» командалары қарымта ойындарын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандының «Шахтері» Румынияның ФКСБ ( бұрынғы атауы «Стяуа») клубымен жасыл алаңға шығады. Бұл ойын Арменияның Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы стадионда өткізіледі. Бұл румын тарапынан түскен өтінішке сәйкес коронавирус инфекциясынан сақтық шараларына байланысты Қазақстаннан тыс аймақта өткізілуде.

Алғашқы кездесуде «Шахтер» қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді.

Ойын елорда уақытымен 19.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесуге болгариялық Драгомир Драганов бас төреші болады. Оған отандастары Петар Джугански мен Станислав Тодоров көмекшілік жасайды

Ал Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Хорватияның «Хайдук» клубымен шеберлік байқасады. Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде хорваттан 2:0 есебімен басым түскен болатын.

Ойын барысында ресейлік Владимир Москалёв бас қазы қызметін атқарады. Оған отандастары Дмитрий Мосякин мен Роман Усачев көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де - ресейлік Евгений Кукуляк.

Ойын елорда уақытымен 21.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Тағы бір кездесуде елордалық «Астана» сырт алаңда Грекияның «Арис» командасымен жасыл алаңға шығады.

Алғашқы кездесуде «Астана» қарсыласын 2:0 есебімен жеңген еді.

Кездесу елорда уақытымен 00.30-да басталып, «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар