Үкімет елдің көлік және транзиттік әлеуетін барынша пайдалану жөнінде ұсыныс енгізуі қажет - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет елдің көлік және транзиттік әлеуетін барынша пайдалану жөнінде ұсыныс енгізуі қажет. Бұл туралы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің тапсырмаммен Үкімет және Президент Әкімшілігі жол сапасына қатысты жұмыстарда айтарлықтай кемшілік жіберген тұлғаларға қатысты кадрлық шешім қабылдады. Бұл жұмыс Үкімет пен әкімдердің үнемі бақылауында болуы тиіс. Жергілікті деңгейдегі проблемалар мен кемшіліктерді тыңғылықты реттеу талап етіледі және қажет болған жағдайды тиісті шенеуніктер жазалансын. Онсыз оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті жол құрылысы саласындағы стандарттардың мүлтіксіз сақталуына бақылауды күшейту бойынша кешенді іс-шаралар қабылдау қажеттігін баса назар аудартты.

«Сондай-ақ Үкіметтен елдің көлік және транзиттік әлеуетін барынша пайдалану жөнінде ұсыныс енгізуді өтінемін. Олар жол салу және пайдалану мәселелеріне ғана қатысты болмауы тиіс. Проблемалардың бүкіл кешенін шешу қажет. Оның шетелдік серіктестермен келіссөздер жұмысы, шекарадан жылдам өту мәселесі, жолды пайдаланғаны үшін ақы алуды енгіу бар. Бәсекелестік артып келеді. Бір орында тұрып қалуға болмайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар