Үкімет квазимемлекеттік секторда валюта операцияларын үйлестіру жұмысын бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстанда хеджирлеу инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар енгізуі тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет пен Ұлттық банк квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың валюталық операцияларын үйлестіру жұмысын бастады. Бұл маңызды, жұмысты жалғастыру қажет. Өткен жылы квазимемлекеттік сектордың валюталық займдарын қайта қаржыландыру жүзеге асырылды. Бұл олардың балансын жақсартып, валюталық тәуекелдер әсері төмендеді», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен квазимемлекеттік сектордағы компаниялар бірінші кезекте қаржыландыруды елдің ішінен теңгемен тартуы қажеттігін ескертті.

«Бұған қоса, Ұлттық банкке осы жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстанда хеджирлеу инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырамын»,- деді Қазақстан Президенті.


Соңғы жаңалықтар