Үкіметте Германиямен машина жасау саласын дамыту мәселесі талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен 50-ден астам германдық компания басшыларының қатысуымен кезекті веб-конференция өтті. Бұл туралы primeminister.kz.

Іс-шара машина жасау саласындағы екі жақты ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 ж. 2020 ж. басында ГФР-ға сапары аясында герман бизнесімен кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға арналды.

« Қазақстан экономикасының өзін-өзі қамтамасыз етуіне және қолда бар қуатты шикізат базасы негізінде индустриялық өнеркәсіпте жаңа өндірістерді дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады. Өңдеуші өнеркәсіпке басты назар аудара отырып, әртараптандырылған экономика құру біздің экономикамыздың дамуының ерекше басымдығ ы «, - деді Роман Скляр.

Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры М. Хармс Қазақстан мен Германия арасындағы жан-жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, дағдарыстың ГФР өнеркәсіп саласына теріс әсерін азайту жөніндегі шаралар туралы хабарлады.

Онлайн-кездесу барысында «ҚМЖО» ЗТБ Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев Германия капиталы бар компанияларды қоса алғанда, еліміздегі 40 машина жасау кәсіпорны бар бизнес-қауымдастықтың қызметі туралы айтты. Өз сөзінде ол Қазақстанда машина жасау саласын дамытудың перспективаларына, 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын іске асыруға және өнеркәсіпті дамыту қорын құруға ерекше назар аударды.

Веб-конференцияның соңында пікірталас өттіп, оның барысында қатысушылар сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру туралы сөз етті, бірқатар практикалық мәселелерді талқылап, болашақта осындай кездесулерді жүйелі түрде өткізуді жалғастыруға келісті.


Соңғы жаңалықтар