Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Жобалық офистің отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті несиелендіру бағдарламасын іске асырудың аралық қорытындысы, мемлекеттік сатып алудағы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту мәселесі, сондай-ақ аса зардап шеккен салалардағы бизнес субъектілеріне жүргізілген сауалнама нәтижесі мен олардың даму перспективасы қаралды. Отырысқа Үкімет мүшелері, өңірлер әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Атамекен» ҰКП, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Даму» КДҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшылығы, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері және т. б. қатысты. 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы бойынша 504 млрд теңге сомасына 2201 жоба мақұлданды, 292 млрд теңге сомасына 1628 жоба субсидияланды. Субсидияланған жобалар бойынша көш басында Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, сондай-ақ Жамбыл және Қостанай облыстары, ал Павлодар, Қызылорда, Атырау облыстарында төмен динамика байқалды.


Соңғы жаңалықтар