Украина жерінде қазақ жауынгерінің сүйегі табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлы Жеңістің 76-жылдығы қарсаңында украин тарапы Донецк облысының Славянск және Краматорск аудандарын азат ету барысында қаза тапқан қазақстандық жауынгер Үкекбай Базарбаевтың сүйегін Украинадағы Қазақстан Елшілігі жанындағы әскери атташе Нұржан Омаровқа табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылы «Плацдарм» әскери-тарихи мұраларды зерттеулер қауымдастығы» қоғамдық ұйымы Донецк облысы аумағында соғыс жүрген орындардан 110 кеңестік әскери қызметшінің сүйегін тапқан болатын.

Олардың 8-і табылған медальдар, капсулалар, құжат үзінділері арқылы аты-жөндері анықталды. Сегіз жауынгердің қатарында анықталғандардың бірі 1913 жылы дүниеге келген қазақ Үкекбай Базарбаев болып шықты. Ол 39-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 12-ші гвардиялық атқыштар полкі сапында соғысқа қатысқан. Ұрыс барысындағы батылдығы үшін «Ерлігі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған.

Қазақстан Елшілігі Үкекбай Базарбаевтың сүйегін Атамекенінде қайта жерлеу үшін туыстарына жеткізетін болады.


Соңғы жаңалықтар