Украинада қазақ жауынгерінің рухына тағзым етілді

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украинада қазақ жауынгері – Кеңес одағының батыры Серікбай Мүткеновты еске алып, рухына тағзым етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елшілікке сілтеме жасап.

22 маусым Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде қаза болғандарды Еске алу және аза тұту күні Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Резино ауылында орналасқан Кеңес одағының батыры Серібай Мүткеновтің ескертішіне гүл шоқтарын қойды.

342-атқыштар полкінің командирі Серікбай Мүткенов 1943 жылы қазан айында алғашқылардың бірі болып Днепр өзенінен өтіп, жау күштерін жоюға қатысып 1944 жылы 5 қаңтарда Резино маңындағы шайқаста қаза тапты.

Резино тұрғындары ауылды азат ету үшін қаза тапқан барлық майдангерлердің жарқын естелігін сақтайды. Батырлардың есімдері ауыл орталығындағы обелискіде және әскери даңқ мұражайының стендтерінде көрсетілген. Солардың бірі қазақ батыры Серікбай Мүткенов. Сондай-ақ оның ескерткіш тақтасы Резино орта мектебінің әскери даңқ бөлмесінде де орнатылған.


Соңғы жаңалықтар