Украинаның батысында 550 үй су астында қалды, 83 көпір қирады

None
None
КИЕВ. Укринформ-ҚазАқпарат – Украинаның батысындағы төрт облыста, 29 маусым күнгі дерек бойынша, ауа райының қолайсыздығынан 70 елдімекен су астында қалды. Бұл туралы Украинаның Төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформға сілтеме жасап.

«70 елдімекенде (жалпы 349 болатын) 550 үй (14 456 болатын), 1 әлеуметтік және тұрмыстық сала объектісі (18 еді), 831 жертөле (7 225 болған), 1 898 үй іргесіндегі жер телімі (22 182 болған) су астында қалып, 150,5 шақырым тасжол қирады (278,2 болатын), 582 шақырым автожол (653 болған) мен 220 көпір бүлінді», - делінген хабарламада.

Жалпы облыс аумағында 3 адам қайтыс болды (Ивано-Франковская облысы).

ТЖМҚ қызметкерлері 2 523 адамды эвакуациялады, тәулік ішінде 32 904 текше метр су сорып алынды (жұмыс басталғалы – 183 244 текше метр), тұрғындарға 120 кг азық-түлік (жұмыс басталғалы – 8628 кг) пен 750 л ауыз су (жұмыс басталғалы – 25 315 л) жеткізілді.

Апат салдарын жоюға 774 адам мен 291 техника жұмылдырылды.

Еске сала кетсек, 22-24 маусым аралығында толассыз жауған жауын-шашыннан Украинаның Ивано-Франковская, Черновицкая, Львовская және Тернопольская облыстарында су тасқыны болған еді.


Соңғы жаңалықтар