ҰҚШҰ Бас хатшысы Тәжікстанға көмек көрсетуді ұсынды

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС –ҚазАқпарат –ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась бейсенбі күні Ресей Мемлекеттік думасының ТМД істері, Еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитет отырысында Тәжікстанға төнуі мүмкін қауіптің алдын алуға көмек көрсету қажеттігін атап өтті. Бұл туралы ТАСС-қа ҰҚШҰ хатшылығынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҰҚШҰ Бас хатшысы депутаттарға ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздігінің Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия өңірлеріндегі ахуалы туралы хабардар етіп, Ауғанстан аумағынан төнетін қауіп-қатерді атап өтті. Станислав Зась ықтимал қауіпті тежеу үшін Тәжікстанға көмек көрсету қажеттігін мәлім етті», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, С.Зась депутаттарға Қазақстандағы бітімгерлерлік операциялардың қорытындысы туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, жеке құрам арасында, қару-жарақтан және әскери техникадан ешқандай шығын болмаған.


Соңғы жаңалықтар