ҰҚШҰ-на мүше елдердің қорғаныс министрлері онлайн форматта кеңес өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 1 желтоқсанында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына қатысушы мемлекеттердің қорғаныс ведомствалары басшыларының кезекті отырысы бейне конференция байланысы режимінде өтті.

Қорғаныс министрлерінің кеңесі әскери саясат, әскери құрылыс және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы Өзара іс-қимылды үйлестіру мәселелері жөніндегі ұйымның ресми жарғылық консультативтік және атқарушы органы болып табылады, деп хабарлайд ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған кеңеске Қазақстан Республикасының атынан Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қатысты.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасты, әскери шеңбердегі ҰҚШҰ қызметінің басым бағыттарын келісті.

Отырыс барысында материалдық-техникалық, медициналық қамтамасыз ету, бітімгершілік қызмет, кадрлар даярлығын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру, сондай-ақ ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің бірлескен жауынгерлік даярлық іс-шаралары қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

«Оқу-жаттығу сценарийіне қазіргі қарулы қақтығыстардан алынған сабақтарды қосу қажет деп санаймыз. Біз қауіп-қатерлерге ұжымдық тойтарыс беруге дайын екенімізді көрсетіп, жауынгерлік іс - қимылдарды жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдерін пысықтауға тиіспіз»,- деп генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар 2021-2025 жылдарға арналған Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери ынтымақтастықты дамыту жоспарын талқылады.


Соңғы жаңалықтар