ҰҚШҰ отырысында өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды

None
None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов Душанбе қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оған қатысушылар ұйым қызметінің басым бағыттарын, ұжымдық қауіпсіздікке кіретін өңірлерде қалыптасып жатқан әскери-саяси ахуалды талқылады.

Бірлескен жауынгерлік даярлық шараларының маңызы ерекше аталды.

Еліміздің Қарулы Күштерінде 2022 жылға жедел ден қою ұжымдық күштерінің бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және оларды өткізу жөнінде жұмыс басталды. Бұл ретте жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдері пысықталмақ. Соңғы кездегі қарулы қақтығыстар тәжірибесінен алынған сабақтар оқу-жаттығу сценарийлерінде ескерілуі тиіс.

Бірлескен отырыстың қорытындысында министрлер ұйымның қызметіне қатысты бірқатар құжаттарға қол қойды.


Соңғы жаңалықтар