17:11, 16 Қыркүйек 2021 | GMT +6
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінда қандай құжаттарға қол қойылды
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің жиынында бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған жиында төмендегі құжаттарға қол қойылды және қабылданды:
- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдары құрамаларының уақытша орналасуына қатысты істер бойынша юрисдикция және құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі келісім.
- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Әскерлерін (Ұжымдық күштерін) бірлесіп материалдық-техникалық және медициналық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі келісім.
- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бітімгерлік қызметі туралы 2007 жылғы 6 қазандағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама.
- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қоюдың 30 жылдығына және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының 20 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары туралы» шешімі.
- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы байланысының қорғалған мультисервистік жүйесінің схемасы туралы» шешімі.
- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бас хатшысының бітімгерлік мәселелері жөніндегі арнаулы өкілі туралы» шешімі.
- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының төрағасы туралы» шешімі.
- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бірлескен штабының бастығы туралы» шешімі.
- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының 2020 жылға арналған бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебі туралы» шешімі.
- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының 2022 жылға арналған бюджеті туралы» шешімі.
- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясын өткізу уақыты мен орны, Ұйымға төрағалық ету туралы» хаттамалық шешімі.