Ұлан Рысқұл: Диванда отырып Қазақстанның болашағына әсер ете алмайсыз

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан барысы» турнирінің алғашқы жеңімпазы, казақ күресінен күміс кубок иегері Ұлан Рысқұл Алматы облысындағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен өз елімнің дамуы тұрақты және гүлденген болашағын қолдаймын. Диванда отырып, сіз Қазақстанның болашағына әсер ете алмайсыз және елді жақсы жағына қарай өзгертпейсіз. Қазақстандықтардың жағдайын жақсартуға өзіңіз бір қадам жасамай, мемлекетімізде ештеңе өзгермейтініне шағымданудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Қазақстан гүлденіп жатыр, біз бейбіт уақытта өмір сүріп жатырмыз. Біз өз болашағымызды өзіміз таңдаймыз. Сондықтан да өз таңдауымызды жасау қажет», - деді Ұлан Рысқұлов.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтарда өтіп жатқан Мәжіліс сайлауына бес саяси партия қатысуда. Олардан 312 кандидат дауысқа түседі.

Сағат 16.00-де Алматы облысы бойынша сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші 58% болды.


Соңғы жаңалықтар