+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Үлкен Алматы шыңында қалып қойған туристер тікұшақпен құтқарылды

2021 жылғы 12 қыркүйек 20:35
Бөлісіңіз:
Үлкен Алматы шыңында қалып қойған туристер тікұшақпен құтқарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Үлкен Алматы шыңына көтерілген туристерді құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда кәсіпорын қызметкерлерінің вакцина алған-алмағаны тексеріліп жатыр Алматыда «Жасыл қала» науқаны басталды Алматы әуежайында 47 жастағы ер адам полицейдің ар-намысына тигені үшін ұсталды

Құтқарушыларға зардап шеккен адам туралы ақпарат 11 қыркүйекте келіп түскен. ТЖД жедел кезекшісінің айтуынша, Үлкен Алматы шыңы ауданында турист құлап, екі аяғын жарақаттаған.

«Республикалық жедел құтқару жасағының (РЖҚЖ) жедел тобы дереу оқиға орнына шықты. Құтқарушылар жедел автокөлікпен космостанцияға дейін жетіп, одан әрі жаяу барды. Біраздан соң Проходное шатқалы арқылы зардап шегушіге көмектесуге тағы бір жедел топты іске қосу туралы шешім қабылданды. Ер адам 12 қыркүйекте таңғы сағат 5-те табылды. Оның қасында тағы 2 адамның бары анықталды және олар жартасты жерде болған», - деп хабарлайды ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, туристер Үлкен Алматы шыңына бағыт алған. Қараңғы түскенше шыңға жетіп үлгермейтіндігін түсінген туристер кері қайтады. Қайтар жолды қысқартқысы келген туристер келген бағыттарынан тайып кеткен. Нәтижесінде олар қауіпті әрі тік жарға тап болған. Ал туристердің бірі 5 метрлік жардан құлап, екі аяғынан жарақат алған.

Құтқарылған ер адамға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жәбірленушінің жағдайы қанағаттанарлық, дегенмен ауырлық тигізді. Көтерілуге қиын тау шатқалынан бөлек, межелі жерге жетуге ауа-райы да әсер етті. Сол сәтте қатты желмен қоса жаңбыр аралас қар жауды. Жәбірленушіні зембілмен ұзақ уақыт тасымалдау мүмкін болмаған соң әуе кемесі «Қазавиақұтқару» мекемесінің мамандарына жүгіну туралы шешім қабылданды.

Құтқарушылар ер адамды тікұшаққа дейін апарды, одан әрі зардап шегуші медицина және апаттар орталығына жеткізілді.


Еламан Тұрысбеков
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT