«Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясына жаңа басшы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Директорлар кеңесінің шешімімен Ростислав Анатольевич Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ростислав Коняшкин 1989 жылы Жамбыл облысында туған. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы «KazTransCom» ERP-Service» ЖШС консультанты болып бастаған.

2011-2012 жылдары — «KazTransCom» ERP-Service» ЖШС «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «Қазтрансгаз» АҚ кәсіпорындары жобасының консультанты.

2012-2014 жылдары — «Astana Innovations» АҚ-да түрлі қызметтер атқарды.

2014-2015 жылдары — «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ Электронды оқытуды дамыту орталығының бас менеджері, жобалық менеджері.

2016 жылы — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Мемлекеттік қызмет көрсетудің әдіснама департаментінің бас маманы.

2016-2017 жылдары — «Өрлеу» инновациялық технологиялар орталығы» ЖШС жобалар бойынша менеджері.

2017-2019 жылдары — «Транстелеком» АҚ орталық аппаратының «Жобалық менеджерлер, АТ кеңсесі» бағыты бойынша жобалық менеджері.

2019-2020 жылдары — «Tengri Lab» ЖШС жобалық кеңсесінің басшысы.

2020 жылы — ҚР ЦДИАӨ министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасы орынбасарының м.а.

2020 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ЦДИАӨ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар