Ұлттық банк 36 мың ипотекалық қарызды қайта қаржыландырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 36 000 аса ипотекалық қарыздың қайта қаржыландырылуы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰБ сілтеме жасап.

Қайта қаржыландыру бағдарламасы екі блоктан тұрады.Бірінші блок 2004 - 2009 жылдардағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Көрсетілген қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі 130 млрд теңге бөлді.

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қарыздарды қайта қаржыландыруға банктерге 33 500 өтінім берілген, оның ішінде қайта қаржыландыруға 170,2 млрд теңге сомаға 27 573 қарыз, қайта қаржыландырудың револьверлік тетігі ескеріле отырып, 155, 5 млрд теңге сомаға 26 279 қарыз мақұлданды.

Бағдарламаның екінші блогы жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алған валюталық ипотекалық қарыздарын Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді.

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға банктерге 9 205 өтінім берілген, оның ішінде қайта қаржыландыруға 76,4 млрд теңге сомаға 8 641 қарыз мақұлданды, 62,5 млрд теңге сомаға 7 226 қарыз қайта қаржыландырылды.

Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін айқындау үшін қарыз алушылар кредитор банкке өтініш жасауға тиіс.

Өңірлер мен банктер бойынша қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар туралы ақпаратпен толығырақ «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөліміндегі сілтемеден танысуға болады. Осы сілтемеде Бағдарлама талаптарын түсіндіру үшін халықпен өзара іс-қимыл жасайтын Қазақстан Ұлттық Банкінің, екінші деңгейдегі банктердің аумақтық филиалдары қызметкерлерінің байланыс телефондары көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар