+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25% деңгейде сақтады

2019 жылғы 9 желтоқсан 15:32
Бөлісіңіз:
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25% деңгейде сақтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкі пайыздық дәлізді +/- 1 п.т. деңгейінде сақтай отырып, базалық мөлшерлемені жылдық 9,25% деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

«Жылдық инфляция Ұлттық банктің күткенінен төмен қалыптасуда. Нақты ЖІӨ-нің өсу қарқыны біртіндеп үдеуде. Базалық мөлшерлеме бойынша ағымдағы шешімді ескере инфляция 2019-2020 жылдарға арналған 4-6% нысаналы дәліз шегінде қалыптасады.

Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдер нақты инфляция деңгейін және оның нысаналы бағдарларға сәйкестігін айқындайтын ішкі және сыртқы тәуекелдердің теңгеріміне қарай қабылданатын болады», делінген хабарламада.

Ұлттық банктің мәлімдеуінше, жылдық инфляция 2019 жылғы қарашада 5,4% болды (қазанда – 5,5%) және мамыр-қарашада 5,3-5,5%-дық тар дәлізде тұрақты деңгейде қалып отыр. Азық-түлік тауарларының бағасы инфляцияға ең көп үлес қосуын жалғастыруда, ол қазанның деңгейінде тұрақтанып, 9,7%-ды құрады. Ет, нан-тоқаш өнімдері мен жарма бағасының өсуі азық-түлік инфляциясының негізгі себебі болып отыр, олар тиісінше 13,4%-ға және 15,5%-ға қымбаттады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы өсуінің 4,8%-ға дейін және ақылы қызметтердің 0,6%-ға дейін баяулауы инфляцияға тежеуші ықпал етуде.

Халықтың инфляциялық күтулері биыл қараша айында азық-түлік тауарлары бағасының неғұрлым жоғары өсуінің аясында 5,8%-ға дейін (2019 жылғы қазанда 5,6%) аздап көтерілді. Халық арасында жүргізілген соңғы пікіртерім нәтижелері бойынша келесі 12 айда бағалардың қазіргі өсу қарқынының сақталуын немесе оның баяулауын күтетін респонденттер үлесі 54,7%-ды құрады (қазанда 56,4%).

«Тұтынушылық сұраныстың кеңеюі және экономикалық белсенділік өсуінің қарқын алуы негізгі проинфляциялық факторлар болып қалуда. Халықтың нақты ақшалай кірістерінің өсуі 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 6,4% болды. Үшінші тоқсанда нақты жалақы 12%-ға дейін өсті, бұл ретте мұндай өсу экономиканың барлық секторларында байқалады. Үй шаруашылықтарын тұтынуына өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік қолдауға және жалақыға жұмсалған бюджет шығыстарының, сондай-ақ тұтынушылық кредиттеудің өсу қарқынының жоғары болуы (қазанда жылдық көрсеткіш бойынша 23,8%) қолдау көрсетуде.

Биылғы қаңтар-қазан айында қысқа мерзімді экономикалық индикатор жылдық көрсеткіш бойынша 4,7%-ға ұлғайды. Құрылыс 12,7%-ға, сауда – 7,5%-ға, көлік – 5,6%-ға, тау-кен өндіру және өңдеуші өнеркәсібі тиісінше 3,7%-ға және 3,3%-ға оң үлес қосты. 2019 жылғы қаңтар-қазанда инвестициялардың кеңеюі 8,2%-ды құрады. Ұлттық банктің бағалауынша ІЖӨ-нің нақты өсуі 2019 жылы 4,2% болады», делінген хабарламада.

Ұлттық банк экономиканың өсуін 2019 жылы 4,2%-ға, 2020 жылы 3,8%-ға бағалайды. Халықтың нақты ақшалай кірісінің ұлғаюы аясында тұтынушылық сұраныстың өсуі, инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде инвестициялық сұраныстың артуы, мұнай және газ конденсатының көлемін өсіру салдарынан экспорттың ұлғаюы негізгі факторлар болады.

Сыртқы сектор факторларының әсері салыстырмалы түрде бейтарап сипатта. Brent маркалы мұнайдың бағасы базалық сценарийде салынғаннан аздап жоғары деңгейде сақталуда. Биылғы жылғы 11 айда ол орташа алғанда бір баррель үшін 64,1 АҚШ долларын құрады (2018 жылғы 11 айда – бір баррель 72,9 АҚШ доллары). 2020 жылы мұнай бағасы әлемдік экономиканың әлсіз дамуы аясында ағымдағы деңгейлерге жақын қалыптасатын болады. ФАО азық-түлік бағалары индексі қарашада 9,5%-ға ұлғайды, бұл сүт өнімдері, ет және өсімдік майы бағасының ұлғаюымен түсіндіріледі. Қорларының азаюы аясында дәнді-дақылдарды тұтынудың ұлғаюы нәтижесінде олардың әлемдік бағасы қалыпты түрде өседі деп күтіледі.

Сыртқы монетарлық жағдайлар инфляциялық аяның жұмсаруына ықпал етуде. Орталық банктердің пайыздық мөлшерлемелерді төмендету және түрлі ынталандыру шараларын кеңейту саясаты жалғасуда. Ресейде инфляцияның баяулауы және ЕО елдерінде тұтынушылық бағаның қалыпты өсу қарқынының сақталуы аясында сауда әріптес елдердегі инфляция Қазақстанда ішкі бағаларға дезинфляциялық ықпал етуде.

«2019 жылдың соңында жылдық инфляция 4-6% нысаналы дәліз шегінде 2020 жылдың соңына қарай 5,0-5,5%-ға дейін баяулай отырып, 5,5-5,7% аралығында болады деп болжанады. 2020 жылғы бірінші тоқсанда қысқа мерзімді сипаттағы проинфляциялық тәуекелдер іске асырылуы және инфляция нысаналы дәліздің жоғары шегінің деңгейіне дейін өсуі мүмкін. Бұл халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің реттелмелі тарифтерінің, сондай-ақ жекелеген азық-түлік өнімдері бағасының өсуімен байланысты. Экономиканы фискалдық ынталандыруды одан әрі жалғастыру және Ұлттық банк оң болады деп бағалайтын шығарылым айырмасы орта мерзімді перспективада 2020 жылғы инфляция серпінін айқындайтын негізгі факторлар болып қала береді», делінген хабарламада.

ҰБ мәліметінше, ағымдағы ақша-кредит талаптары әлсіз тежеуші ретінде бағаланады, бұл төлем балансы ағымдағы шотының кеңейіп жатқан тапшылығының инфляциялық және бағамдық күтулеріне ықпал етуді шектеу жөніндегі алдын алу шараларын қабылдау қажеттілігімен байланысты.

ҚР Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімді 2020 жылы 3 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15:00-де жариялайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР Ұлттық банкі,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT