Ұлттық банк қаржы нарығындағы ахуал туралы мәліметті жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк 2021 жылғы наурыздағы қаржы нарығындағы ахуал туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1. Инфляция және инфляциялық күтулер

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы наурыздаинфляция 0,6% (2020 жылғы наурызда– 0,9%) болды.

Жылдық инфляция 7,0% (2020 жылғы желтоқсанда – 7,5%) деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 10,7%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,6%-ға, ақылы қызметтер – 3,7%-ға жоғарылады.

2021 жылғы наурыздахалықтың пікіртерім нәтижесі бойынша бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 6,9% болды.

2. Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 2021 жылғы наурыздаалдын ала деректер бойынша 3,3%-ға (жылдың басынан бастап 5,9%-ға) төмендеп, 33,5 млрд АҚШ долларын құрады.

Негізгі себептер алтын бағасының құлдырауы, еуробондтарды өтеуге негізделген Ұлттық Банктің шоттарындағы ЕДБ қаражаты көлемінің қысқаруы, сондай-ақ сыртқы борышты төлеу болды.

Алдын ала деректер бойынша елдің жалпы халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (57,1 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, 2021 жылғы наурыздың соңында 90,7 млрд АҚШ долларын құрады.

Ақша базасы 2021 жылғы наурызда3,1%-ға кеңейіп, 9 859,5 млрд теңге болды (жылдың басынан бастап 0,8%-ға). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 9,5%-ға
5 336,9 млрд теңгеге дейін (жылдың басынан бастап 4,9%-ға) кеңейді.

2021 жылғы наурыздаақша массасы 3,5%-ға ұлғайып, 26 171,9 млрд теңге болды (жылдың басынан бастап 5,0%-ға өсті), айналыстағы қолма-қол ақша 2 793,6 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға ұлғайды (жылдың басынан бастап 1,2%-ға төмендеді).

3. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

2021 жылғы 9 наурызда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені +/- 1,0 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,0% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Ақша нарығында ақша-кредит саясаты операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы 2021 жылғы наурызда пайыздық дәліз ішінде қалыптасты. 2021 жылғы наурызда TONIA орташа алынған мәні жылдық 9,2%-ды құрады (2021 жылғы ақпанда - 8,7%).

Ақша-кредит саясатының құралдары. 2021 жылғы наурыздың соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 4,9 трлн теңге болды.

Ұлттық Банктің тікелей репо операциялары бойынша ашық позициясының көлемі 10,4 млрд теңге болды.

Ұлттық Банктегі банктік депозиттердің көлемі 265,8 млрд теңге болды. Депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділік көлемі 1 196,3 млрд теңге болды.

Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі бір айда 6,3%-ға төмендеп,
2021 жылғы наурыздың соңында 3 446,6 млрд теңге болды.

2021 жылғы наурызда жалпы сомасы 1 992,7 млрд теңгеге 7 аукцион өткізілді, оның ішінде 1 621,1 млрд теңге сомасына 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 5 аукцион (орташа алынған кірістілік - 8,99%), 271,6 млрд теңге сомасына 3 айлық ноттар бойынша
1 аукцион (кірістілік – 9,13%), 100 млрд теңге сомасына жартыжылдық ноттар бойынша
1 аукцион (кірістілік - 9,15%).

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі 2021 жылғы наурызда
2 253,3 млрд теңге болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары.

2021 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 189,5 млрд теңге сомасына ұзақ мерзімді (МЕУКАМ) мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды. Наурызда барлығы 12 облигация шығарылымы орналастырылды, онда 1 жылдан 14 жылға дейін өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздар орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 9,25%-дан 10,30%-ға дейін болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2021 жылғы наурызда 1,4%-ға ұлғайып, 11 339,4 млрд теңге[2] болды.

2021 жылғы наурыздың соңында кірістілік қисығы[3] нарықтық мөлшерлемелер бойынша МБҚ сатып алуға нарықтың белсенді қатысуы аясында қалыпқа келгендігін көрсетті. Қысқа мерзімді қағаздар бойынша кірістілік есепті кезеңнің басымен салыстырғанда төмендеді.

4. Валюта нарығы

2021 жылғы наурызда теңгенің биржалық айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 417,97 – 424,97 теңге аралығында өзгерді. 2021 жылғы наурыздың соңында теңгенің АҚШ долларына биржалық бағамы бір айда 1,9%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін
424,97 теңге болды.

Теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 10,5 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі – 2,5 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі – 8,0 млрд АҚШ доллары. Биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлемінде бір еншілес банктің үлесі 77,2% немесе 6,2 млрд АҚШ долларын құрады (2021 жылғы ақпанда – 72,3% немесе 6,2 млрд АҚШ доллары), бұл оның меншікті капиталды валюталық тәуекелдерден хеджирлеуіне байланысты болды. Бұл операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныстың немесе ұсыныстың арақатынасына әсер етпейді.

2021 жылғы наурызда халық нетто-негізде 131,6 млрд теңгеге баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Өткен аймен салыстырғанда бұл шығыс 28,8%-ға төмендеп (2021 жылғы ақпанда - 184,9 млрд теңге), 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (236,4 млрд теңге) нетто-сатып алу көлемі 44,3%-ға қысқарды. Шығыстың негізгі көлемі Ресей рублін – 43,5% немесе 57,3 млрд теңге, АҚШ долларын – 39,4% немесе 51,8 млрд теңге, еуроны – 16,9% немесе 22,2 млрд теңге сатып алуға бағытталды. Валюталардың түрлері бойынша бөлгенде АҚШ долларын сатып алуға жұмсалатын шығыс бір айда 2,2 есе (3,4 есе қысқару ж/ж) қысқарды, ал Ресей рублін сатып алуға жұмсалатын шығыс 20,6%-ға (5,1%-ға өсу ж/ж), еуроны сатып алуға жұмсалатын шығыс 3,8%-ға (6,0 есе өсу ж/ж) ұлғайды.


5. Депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2021 жылғы наурыздың соңында бір айда 3,7%-ға ұлғайып, 23 378,4 млрд теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 4,7%-ға 11 896,4 млрд теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері – 2,6%-ға 11 482,0 млрд теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 2,5%-ға 14 751,8 млрд теңгеге дейін, шетел валютасында – 5,8%-ға 8 626,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Долларландыру деңгейі 2021 жылғы наурыздың соңында 36,9% болды (2020 жылғы желтоқсанда – 37,3%).

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2021 жылғы наурызда 1,3%-ға
7 396,5 млрд теңгеге дейін, шетел валютасында – 11,0%-ға 4 499,9 млрд теңгеге дейін (заңды тұлғалар депозиттерінің 37,8%-ы) ұлғайды.

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 3,8%-ға 7 355,3 млрд теңгеге дейін, шетел валютасында - 0,6%-ға 4 126,7 млрд теңгеге дейін (жеке тұлғалар депозиттерінің 35,9%-ы) өсті.

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,5%-ға ұлғайып, 15 858,0 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 10 014,2 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар – 5 843,8 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2021 жылғы наурызда 7,2% (2020 жылғы наурызда – 7,7%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9,4% (9,1%) құрады.

6. Кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 1,7%-ға ұлғайып, 2021 жылғы наурыздың соңында 14 792,7 млрд теңге болды. Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі
7 058,9 млрд теңгеге дейін 1,0%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер көлемі
7 733,7 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 1,7%-ға 12 983,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,0%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 2,3%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1,1%-ға 1 809,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,2%-ға өсті, жеке тұлғаларға кредиттер 4,8%-ға төмендеді. Кредиттердің теңгемен үлес салмағы
2021 жылғы наурыздың соңында 87,8% құрады (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%).

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 1,6%-ға 12 629,6 млрд теңгеге дейін, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 1,7%-ға 2 163,0 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы наурызда 5,1%-ға
2 426,8 млрд теңгеге дейін (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 16,4%-ы) төмендеді.

Салалар бойынша бөлгенде банктердің экономикаға кредиттерінің неғұрлым елеулі сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 13,5%), сауда (11,8%), құрылыс (4,2%) және көлік (3,2%) сияқты салаларға тиесілі.

2021 жылғы наурызда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,5% (2020 жылғы наурызда – 12,5%), жеке тұлғаларға – 17,0% (17,7%) болды.

7. Төлем жүйелері

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында
19 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аударымдары жүйелері, төлем карточкалары жүйелері жұмыс істейді.

2021 жылғы наурызда Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 57,8 трлн теңге сомасына 4,9 млн транзакция жүргізілді (2021 жылғы ақпанмен салыстырғанда саны бойынша 3,3%-ға, сомасы бойынша – 1,5%-ға азайды). Орташа алғанда бір күнде көрсетілген төлем жүйелері арқылы 3,0 трлн теңге сомасына 258,2 мың транзакция жүргізілді.

2021 жылғы 1 сәуірде 20 банк және «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығарды. Эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 51,5 млн бірлік болды. Оның ішінде 2021 жылғы наурызда төлем карточкаларының 53,4%-ын (27,5 млн) ұстаушылар қолма-қол ақшасыз операцияларды және (немесе) ақшаны алу операцияларын жүргізу кезінде пайдаланды.

Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, 2021 жылғы наурызда 6,5 трлн теңге сомасына 454,9 млн транзакция жүргізілді (2021 жылғы ақпанмен салыстырғанда транзакциялар саны 17,3%-ға, сомасы – 17,0%-ға ұлғайды). Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкалары пайдаланылған операциялардың жалпы құрылымындағы қолма-қол ақшасыз төлем операцияларының үлесі 94,7% (431,0 млн) болды. Осы кезеңдегі операция көлемі 75,1% (4,9 трлн теңге) болды.

2021 жылғы наурызда халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 81,3 млрд теңге сомасына 0,3 млн аударым болды.
2021 жылғы ақпанмен салыстырғанда ақша аударымдарының көлемі 23,9%-ға ұлғайды. Жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінің ішінен Қазақстаннан тыс жерлерге транзакциялардың жалпы санының 77,5%-ы (0,2 млн транзакция) және транзакциялардың жалпы сомасының 93,4%-ы (75,9 млрд теңге) бағытталды. Қазақстан бойынша ақша аударымдары жүйелері арқылы жалпы санының 22,5%-ы (0,1 млн транзакция) және жалпы сомасының 6,6%-ы (5,4 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы 24,9 млрд теңге сомасына 0,1 млн транзакция алынды.

8. Зейнетақы жүйесі

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2021 жылғы қаңтар-наурызда 314,4 млрд теңгеге немесе 2,43%-ға азайып, 12 599 млрд теңге болды.

2021 жылғы қаңтар-наурызда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» кіріс 2021 жылғы 1 сәуірдегі 5 911,7 млрд теңгеге дейін 358 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2021 жылғы
1 сәуірде 10,9 млн шот болды.

2021 жылғы қаңтар-наурызда зейнетақы төлемдерінің сомасы 1,03 трлн теңге болды.

2021 жылғы 1 сәуірде БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары мен Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 43,9%-ы және 25,7%-ы) алады.



Соңғы жаңалықтар