Ұлттық банк қаржы жүйесінің тұрақтылығын қолдау туралы ұсыныстар дайындайды - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк пен Қаржылық нарықты реттеу мен дамыту агенттігіне елдегі қаржы жүйесінің тұрақтылығын қолдау бойынша ұсыныстар жиынтығын дайындауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандық бизнесті қолдауға келер болсақ, шағын және орта бизнесті қолдау шараларынан басқа ішкі сұраныс төмендеп кеткен жағдайдағы ірі кәсіпорындардың қызметін бақылауға алу керек. Маған баян еткендей бұл жұмыс қазір жүріп жатыр. Ірі кәсіпорындарда ертеңге сеніммен қарарлық күш-қуат бар. Олар біздің экономикалық жүйеміздің ажырамас әрі маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан олар жұмыспен қамтудың және ШОБ-қа тапсырыс берудің арқасында экономиканы тұрақтандырушы рөлін атқара алады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

Президент сонымен қатар, жағдай күрделенсе мемлекет оларға көмек көрсету шараларын қарауға дайын.

«Келесі мәселе - қаржы секторының тұрақтылығы. Бұл маңызды міндет. Шынында да, ойланып қарасақ қаржы жүйесінің проблемалары экономиканың нақты секторына да, азаматтардың жинақтарына да теріс ықпал етуі мүмкін. Ұлттық банк пен Қаржылық даму агенттігіне елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қолдау бойынша ұсыныстар жиынтығын дайындау тапсырылады», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар