Ұлттық банк: Теңге бір апта ішінде 0,6%-ға нығайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкі 2021 жылдың 9 – 16 сәуір аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 16 сәуірде теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,6%-ға (433,15-тен) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 430,39 теңге болды.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылғы 9-16 сәуір аралығындағы кезеңде дамушы елдер валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды.

«Тұтыну шығыстарының өсуі аясында ҚХР ІЖӨ 2021 жылғы 1-тоқсанда 18,3%-ға ж/ж өсті. АҚШ экономикасы да белсенді қалпына келтіру туралы белгі беруде: наурызда бөлшек сауда өсімі 9,8%-ды а/а құрады, өнеркәсіп өндірісі 1,4%-ға а/а өсті. АҚШ-тағы тұтынушылық бағалар наурызда 2012 жылдан бері рекордтық қарқынмен өсті, +0,6% а/а»,- деп хабарлады Ұлттық банктен.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

- Ресей рублі АҚШ тарапынан АҚШ-тың қаржы мекемелерінің РФ мемлекеттік қарызының бастапқы нарығына қатысуына тыйым салатын санкциялар жарияланғаннан кейін шиеленістің төмендеуі аясында 2,2%-ға (77,43-тен 75,71-ге дейін) нығайды;

- Оңтүстік Африка ранды 2,1%-ға (14,61-ден 14,31-ге дейін) нығайды. ОБ басшысы теңгерімді инфляциялық тәуекелдер және төмен мөлшерлемелер үшін кеңістікті сақтау туралы мәлімдеді;

- Бразилия реалы әлемдегі ең ірі экономика – АҚШ-тың қалпына келу белгілеріне байланысты тәуекел сентименттің қысқа мерзімді жаһандық жақсаруы аясында 1,6%-ға (5,68-ден 5,59-ға дейін) нығайды;

- Мексика песосы АҚШ доллары бағамының әлсіреуі және АҚШ МБҚ кірістілігінің төмендеуі аясында 1,2%-ға (20,16-дан 19,92-ге дейін) нығайды;

- Түрік лирасы 1,2-ға (8,17-ден 8,07-ге дейін) нығайды. ОБ мөлшерлемені 19% деңгейінде сақтап қалды, алайда қатаң ақша-кредит талаптарын сақтауға дайындығы туралы бұрынғы түсініктемелерді жоққа шығарды;

-Үнді рупиясы экспорттаушылардың шетел валютасын сатуы аясында 0,5%-ға (74,75-тен 74,36-ға дейін) нығайды;

- Индонезия рупиясы бір апта ішінде өзгерген жоқ, 14 565 деңгейінде қалды.
Соңғы жаңалықтар