Ұлттық банк валюта нарығы туралы: Маусым айында валюталық өктемдік жүргізілген жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маусым айының басынан бастап Ұлттық банк алтын-валюта резервтері есебінен айырбас бағамына ықпал ету мақсатында сауда-саттыққа қатысқан жоқ, яғни, интервенция жүргізген жоқ.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Иван Сердюк түсіндірмесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әдеттегідей, маусымда жүргізілген валюта нарығындағы операциялар бойынша ақпаратты, яғни, алтын-валюта активтері болсын, Ұлттық қор немесе БЖЗҚ болсын, біз келесі айдың бірінші жұмыс күнінде жариялаймыз.

Сонымен қатар, бюджетке трансферттерді жүзеге асыру үшін Ұлттық қор атынан шетел валютасы сатылды, маусым айының басынан бері оның көлемі 408 млн АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ, сарапшылардың назарын теңгенің құбылмалы айырбас бағамы мәселесіне аударсақ деймін»,-дейді Ұлттық банк өкілі.

Сондай-ақ ол сөзінде наурыздан бастап теңге бағамының құбылмалылығы 1,2%-ға бағаланып келгенін айтты.

«Салыстырмалы түрде алғанда Бразилия реалының осы уақыт ішінде құбылмалылығы – 1,2%, Мексика песосы – 0,7%, дамыған нарықтардан: фунт – 0,7%, еуро – 0,6%. Бұл көрсеткіштер еркін өзгермелі бағыттың толыққанды режиміне бейілділікті көрсетеді, бұл экономиканың теңгерімсіздігін абсорбациялауға және елдің алтын-валюта активтерін сақтауға мүмкіндік береді.

Валюталар бағамы сыртқы іргелі факторлардың өзгерістеріне тікелей сәйкес келмейді, соңғы күндері көріп отырғанымыздай, ішкі факторлар басымырақ ықпал етуде.

Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады»,-дейді Иван Сердюк.


Соңғы жаңалықтар