Ұлттық біліктілік тестілеуде ереже бұзған мұғалімдер көбейді - Тестілеу орталығы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Педагогтер арасында Ұлттық біліктілік тестілеу басталған күннен бері 349 мұғалім ереже бұзып үлгерген. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз қадірлі педагогтерімізге асқан құрметпен қарап, олардың жұмысын бағалаймыз. Міне, сондықтан да ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен Ұлттық біліктілік тестілеудің қатысушыларында тыйым салынған заттардың (смартфондардың, шпаргалкалардың және басқа да құрылғылардың) бар-жоғы тексерілмейтін. Өкінішке орай, кейбір әріптестеріміз біздің көрсеткен құрметімізді әлсіздікке теңеп, тыйым салынған заттарды жаппай қолдана бастады», - деп жазды Д. Смағұлов Facebook желісінде.
Оның айтуынша, 2020 жылы Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен.
«Сонымен бірге микроқұлаққаптар мен микрофондарды қолданудың жаппай фактілері анықталды, негізінен олардың таралымы шектеулі және пайдалануы үшін қылмыстық бап қарастырылған. Осы фактілерді ескеріп, бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппараттық жиналысында Ұлттық біліктілік тестілеуді тапсыру кезінде мұғалімдерді тексеруді енгізу қажеттігін айттым. Сене отыра, тексеруді де ұмытпау әдісі әлдеқайда жақсы жұмыс істейді», - дейді Д. Смағұлов.
- Қызылордада коронавирус инфекциясын анықтайтын 3 зертхана іске қосылды
- Наманганнан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
- Қарағанды облысында боранды күні шығып кеткен ер адамның денесі табылды
- Футбол: Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды
-
ШҚО-да соңғы бес жылда түлектердің шетелге оқуға түсуі 4,5 есе азайған
-
Елорданың Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам