Ұлттық буржуазия әлеуметтік қамтамасыз етуге белсене қатысуы тиіс – Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық буржуазия әлеуметтік қамтамасыз етуге белсене қатысуы тиіс. Бұл туралы Ақордада Президенттің кадр резервіне енген жастармен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз мемлекеттің әлеуметтік саясатының оңтайлы моделін іздеп жатырмыз. Барынша өзектісі атаулы әлеуметтік көмек мәселелері саналады. Ол барынша өткір, қоғамымызда айтарлықтай жиі көтеріледі. Мемлекет шын мәнінде мұқтаждарға көмектесуі керек. Адамдарды орындалмайтын дәмеге қамшылауға болмайды. Бұл жол тұйыққа тірейді», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел Үкіметі кірісіне қарамастан барлық көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлейтіндігін айтты.

«Бұған қоса, аз қамтылған отбасылардың барлық баласы кепілдендірілген әлеуметтік пакет алатын болады. Мектеп жасына дейінгі балалар азық-түлік жинытығы мен ең бірінші қажетті өзге де заттарды алады. Аз қамтылған отбасыдан шыққан мектеп оқушылары үшін тегін ыстық тамақ, сабаққа барып-қайту жолақысы, мектеп формасы, қажетті құрал-жабдықтар беріледі. Мұның барлығы мемлекет есебінен екендігі түсінікті. Ұлттық буржуазия деп аталатын отандық бизнесмендер де бізге қолдау білдіргенін қалаймыз», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы мұндай тәжірибенің Финляндия, Швеция, Чехия, Эстония сынды еуропалық елдерде бар екендігін атап өтті.

«Ол жақта кәсіпкерлер әлеуметтік қамтамасыз етуге белсене араласады. 2017 жылдан бастап Нью-Йоркте мемлекеттік көпшілікке арналған мектептердің барлық оқушыларына тегін түскі ас беріледі. Бұл миллионнан астам баланы қамтиды. БҰҰ бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасының бағалауына сәйкес, оқушының тамағына жұмсалған әрбір 1 доллардың 3, тіпті кейде 10 есеге дейін қайтарымы болады. Бизнес өкілдерінің, меценаттар мен демеушілердің көмегімен бұл міндетті шеше алатындығымызға сенімдімін», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.



Соңғы жаңалықтар