+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Ұлттық кеңес мүшелері Әділет министрімен Президент тапсырмаларын орындау барысын талқылады

2021 жылғы 16 сәуір 15:38
Бөлісіңіз:
Ұлттық кеңес мүшелері Әділет министрімен Президент тапсырмаларын орындау барысын талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық кеңестің хатшылығы қоғам өкілдерінің министрлермен онлайн форматта кездесуін ұйымдастыру тәжірибесін жаңғыртты. Осы орайда бүгін Ұлттық кеңес мүшелерінің ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевпен кездесуі өтті. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жол жүру тарифтері жақын арада көтерілмейді – Автокөлікшілер одағы Өз әрекетімді ерлік деп есептемеймін – екі адамды өрттен құтқарған сержант Алматыда қоғамдық келісімді нығайтуға қатысты республикалық семинар өтіп жатыр

Кездесу барысында М. Бекетаев Ұлттық кеңес мүшелеріне «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы, норма шығару процесін жетілдіру, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізгі жаңашылдықтары аясында Президенттің жекелеген тапсырмаларын жүзеге асыру барысын баяндап берді.

Өз кезегінде Ұлттық кеңес мүшелері министрге саладағы түрлі бағыттар бойынша сұрақтарын қойды.

Е. Қарин аталған кездесу айтарлықтай мазмұнды өткенін, ZOOM-конференция екі сағаттан астам уақыт бойы жалғасқанын жеткізді.

«Әрине, бірқатар мәселе бойынша кездесуге қатысушылар түрлі ұстанымда болды. Тараптар өзара диалогқа және қоғамның маңызды мәселелерін шешуге өздерінің даярлығын көрсетті. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың бұл форматы ары қарай жалғасады және жақын арада басқа министрлермен осындай кездесулерді өткізу жоспарланып отыр», - деп жазды Ерлан Қарин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT