Ұлттық кеңес мүшелері халық петицияларын 3 деңгейге бөлуді ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Петицияларды деңгейлері бойынша аудандық, өңірлік, жалпыұлттық деп бөлу керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің саяси реформалар жөніндегі тобының атынан бұл ұсынысты бүгінгі Кеңес отырысында Максим Споткай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интернет арқылы өтініш беру механизмі туралы: петицияларды деңгейлері бойынша айқындау керек. Оларды аудандық, өңірлік, жалпыұлттық деп бөлуге болады. Әсіресе, мемлекеттік органдар петицияны назарға алуы үшін қажетті қол жинау санын нақтылау керек. Мысалы аудандық деңгейді 1 мың, аймақтық деңгейді 10 мың, ал жалпыұлттық деңгейді 100 мың қол етіп белгілеуге болады», - деді Максим Споткай Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында.

Сонымен қатар Ұлттық кеңес мүшесі бұл петициялар одан әрі қаралуы керектігін де айтып өтті.

«Бұл петициялар ары қарай қалай қаралуы керек?» деген сұрақ туындап тұр. Біз аудандық петицияларды өңірлік деңгейдегі мәслихаттар, ал жалпыұлттық деңгей – тиісті заң қабылдануы үшін Парламентте қаралуы қажет. Сол бағытта қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырған жөн», - деді ол.

Еске сала кетсек бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы өтті. Шара барысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау мәселелері қаралды.


Соңғы жаңалықтар