Ұлттық сараптама орталығы өнімдерінен антибиотик табылған кәсіпорындарды атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық сараптама орталығы өнімдерінде антибиотик қолданатын кәсіпорындарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне қарасты Ұлттық сараптама орталығының зертханалары тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың 9 айында антибиотик қалдығын анықтау үшін шамамен 5 757 зерттеу жүргізген.

«Оның ішінде, хлорамфеникол препараты табылған, антибиотиктердің шекті рұқсат етілген концентрациясының артып кеткен 11 жағдайы анықталды.

Зерттеуде қазақстандықтың негізгі рационына кіретін өнімдер қамтылды.

Атап айтқанда, сүт және сүт өнімдері, құс еті, ет және ет өнімдері, құс жұмыртқасы және өзге де азық-түлік тауарлары», делінген хабарламада.

Зерттеу нәтижелері бойынша, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін және Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бұзушылар қатарына келесі өнімдер кірді:

Бекон «Здоровая ферма», пісірілген-ысталған ет өнімі, өндіруші: «Здоровая Ферма Деликатесы» ЖШҚ, Ресей Федерациясы; Сорпа үшін жиынтық, бройлер балапандары етінен жасалған мұздатылған жартылай фабрикат, өндіруші: «Агрофирма Боровская» ЖАҚ, РФ; Бройлер балапандары етінен жасалған жартылай фабрикаттар, өндіруші: «Уральская мясная компания» ЖШҚ, РФ; «Достойный выбор» котлет фаршы, өндіруші: «Фининвест» ЖШҚ, РФ; Бройлер балапандарының тұтас еті, өндіруші: «Птицефабрика Среднеуральская» ЖШҚ, РФ; «Балтийская» ветчинасы, өндіруші: «Кудряшов мясокомбинат» ЖШҚ, РФ; «Фантазия» шошқа етінен жасалған орамасы, өндіруші: «Советский» ет комбинаты ЖАҚ, РФ; Бройлер балапандары етінен жасалған субөнімдері, өндіруші: «Алтайский Бройлер» АҚ, РФ; «Кавказский» мұздатылған кәуабы, өндіруші: «Омский Бекон» АҚ, РФ;

«Мұсылман» пісірілген шұжықтық өнімдер, өндіруші: ЖШС «Жайық Агро LTD», Қазақстан Республикасы.

«Бүгінгі таңда тыйымға қарамастан, хлорамфеникол ветеринарлық тәжірибеде жануарларды емдеу үшін ғана емес, олардың өсуін ынталандыру үшін де кеңінен қолданылады. Антибиотик адам ағзасына тағаммен түскен сәтте, микроорганизмдердің бактерияға қарсы препараттарға сезімталдығын төмендетеді, бұл өз кезегінде жұқпалы ауруларды емдеуді қиындатады», делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, микробқа қарсы препараттар көбінесе асқазан-ішек жолының табиғи микрофлорасын тежейді, иммунитеттің төмендеуіне және аллергиялық аурулардың дамуына септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар