Ұлттық ұлан сарбаздары зорлық жасаған күдіктіні ұстады

None
None
АҚТӨБЕ ҚазАқпарат - Ақтөбеде Ұлттық ұлан сарбаздары полиция қызметкерлерімен бірге күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық гвардияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 9 қаңтар күні сағат 18:20-да тіркелген. Қала тыныштығын бақылаған әскери бөлімнің патруль бастығы Манарбек Терікбаев пен қатардағы қызметкер Ерасыл Әбілғалиев Тахауи Ахтанов атындағы көшеде әйелді зорлап жатыр деген хабарлама алды. Ұлттық ұлан сарбаздары мен полиция дереу оқиға орнына жетіп, күдіктіні ұстады. 34 жастағы күдікті мас күйінде қолға түсті. Әйелге дереу жедел жәрдем шақырылды. Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ал күдіктіні қолға түсірген әскери бөлім тобы марапатталады.


Соңғы жаңалықтар