Ұлттың әл-ауқатының жақсаруы Нұрсұлтан Назарбаев есімімен байланысты - Ксавье Беттель

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Люксембург Премьер-министрі Ксавье Беттельмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды elbasy.kz.

Әңгіме барысында Ксавье Беттель Елбасын келе жатқан 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық пен достас Қазақстан халқының игілігі үшін жаңа табыстар тіледі.

Люксембург Премьер-министрі Қазақстанның едәуір ілгерілеуі, ұлттың әл-ауқатының жақсаруы, халықаралық қоғамдастықтың белсенді және жауапты мүшелері арасынан лайықты орын алуы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екенін атап өтті.

Елбасы Ксавье Беттельге құттықтауы үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер арасында Люксембург алғашқылардың бірі болып ратификациялағанын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Люксембург тарапы бастамашы болды.



Соңғы жаңалықтар