Ұлы Дала еліне саяхат: Сарыарқа бағыты өз мəресіне жетті

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның төрт облысының аумағын қамтыған «Сарыарқа» бағытының қатысушылары экспедицияның соңғы нүктесі Бурабайға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 тамызда басталған экспедиция 16 күнге созылды. Осы уақыт аралығында қатысушылар 4 мың шақырымнан астам жолды еңсеріп,  тарихи-мəдени нысандар мен 5 ұлттық табиғи саябақты аралады. Атап айтқанда,

Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы əртүрлі ландашфты жəне өсімдіктер мен жануарлар әлеміне бай көрікті жерлер саяхатшыларға құшағын айқара ашты.

null  Сарыарқа бағыты -  «Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасы шеңберіндегі төртінші бағыт. Басқа бағыттардағыдай, осы экспедиция құрамында да саяхатшылар,  туристік ұйымдар өкілдері, шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер жəне БАҚ өкілдері бар.

«Біздің ендігі мақсатымыз - экспедиция аяқталған соң барлық жүріп өткен жерлер бойынша үлкен жəне шағын туристік маршруттар жасау. Сонда еліміздің толық туристік картасы пайда болады. Тағы бір айта кететін жайт, экспедиция қатысушылары барған жерлерінде туризмді дамытуда қандай проблемалар барына да назар аударуда. Яғни олар тек қана саяхат жасап қоймай, соның шеңберінде аталған жерлердің шешілуі тиіс мəселелерін жинақтауда. Біз өз кезегімізде, жергілікті билік органдарымен байланысып аталған проблеманы шешуге ат салысамыз», - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.

nullСонымен қатар, «Kazakh Tourism» басқарма төрағасының айтуынша, экспедиция шеңберінде еліміздегі туристік аймақтар бойынша фото жəне видео қорлар жинақталуда, одан бөлек экспедиция қорытындысы бойынша, «Kazakh TV» телеарнасында туристік нысандарға баруға қатысты арнайы бағдарлама жарыққа шығады.

Айта кетейік, «Ұлы Дала Еліне саяхат» экспедициясы - Астананың 20 жылдық мерейтойына ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің тапсырысымен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұлттық компаниясы ұйымдастырған кең көлемдегі алғаш республикалық жоба. Экспедицияның алда тағы екі бағыты бар, олар: Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары аумағы арқылы өтетін «Теңізден теңізге дейін» және Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының аумағын аралайтын «Жаңа Жібек жолы» бағыты. 

Соңғы жаңалықтар