Ұлыбритания аумағынан 5 млрд жылдық метеорит табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 30 жыл ішінде алғаш рет Біріккен Корольдік аумағынан метеорит табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл аспан денесі 28 ақпанда ағылшын аспанын жарықтандырды, бұл ғалымдарға оның құлау аймағын дәл есептеуге және жергілікті тұрғындарды оны іздеуге шақыруға мүмкіндік берді.

Глостершир графындағы Уинчкомб қалашығының тұрғыны ғайыптан пайда болған аспан денесін өз үйінің табалдырығынан тапты.

«Бұл көміртекті хондрит деп аталады. Бұл біздің күн жүйеміздің пайда болуына қатысқанын білдіреді. Осы тасқа 4 миллиард 600 миллион жыл болған. Ол күн жүйесі енді қалыптасып жатқан кезде болған заттардан тұрады. Олардан астероидтар, кометалар, планеталар, соның ішінде Жер пайда болды», – деп түсіндіреді Лондондағы Табиғат тарихы мұражайының ғылыми қызметкері Эшли Кинг.

Уинчкомб метеоритінің тағы бір бөлігі қалаға іргелес Лахлан Бонд фермасының өрісінен табылды:

«Егер ол бізге өткенді жарыққа шығаруға аздап көмектесетін болса, онда оның біздің жерімізден табылғанын айту өте тамаша».

Метеорит құлағанға дейін бірнеше бөлікке бөлінген болуы мүмкін, сондықтан ғалымдар округ тұрғындарын оны іздеуді жалғастыруға шақырады.


Соңғы жаңалықтар