Ұлыбритания азаматының екі қолын ауыстырып салған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шотландиялық Стивен Гэллахер дәрігерлер екі қолын ауыстырып салып беруді ұсынғанда күліп, сенбеген. Бірақ күрделі ота сәтті өтіп, оның өмірі өзгеріп сала берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Стивен 48 жаста. 13 жыл бұрын ол үй төбесін жабатын шатыршы болып жұмыс істеп, үш баласын асыраған. Кенет қатты сырқаттанып, бетінде бөртпе пайда болған, ал оң қолы солқылдап ауыра берген.

Алғашқыда дәрігерлер жүйелі қызыл жегі (люпус) деп диагноз қойған. Кейін дәрігерлер неврологиялық ауру белгілерін байқап, білек каналдары синдромы деп ойлаған және Стивенге ота жасаған.

Бірақ, екі қолы тағы ауырып, жаңа маман одан склеродермия аутоиммундық ауруын тапқан. Соның салдарынан оның терісінде және ішкі органдарында тыртық пайда болған.

Жеті жыл бұрын Стивеннің саусақтары ішке қарай майысып, жұдырығын түйе алмайтын дәрежеге жеткен. Ол қатты ауырғанын есіне алады.

«Менің алақаным бүгілмей қалды, бір сәтте қолымның орнында тек жұдырық қалды. Ештеңе істей алмай қалдым. Өзім киіне алмадым, қандай да бір затты көтере алмай қалдым», - деп бөлісті Стивен.

Шотландияның Дрегорн ауылында тұратын Стивен кәсіби жұмысын тастауға мәжбүр болды. Қазір оның үш қызы 12, 24, 27 жаста.

Дәрігерлер оны глазголық пластикалық хирургия маманы профессор Эндрю Хартқа жіберген. Ол қол буынын ауыстырып орналастыру мүмкін екенін айтқан.

Харт пен тағы бір пластикалық хирургия маманы, профессор Саймон Кэй Стивенге отамен байланысты қандай қауіп болатынын түсіндірген.

Ол жұбайымен ақылдасып, кейін психологиялық сараптамадан өткен.

Хирург Саймон Кэй Ұлыбританияда алғаш болып 2016 жылы екі қол буынын ауыстырып орналастыру бойынша ота жасаған. Стивен екі қолын ауыстырып салған склеродермияға шалдыққан әлемдегі алғашқы науқас атанды.

Отаға түрлі саладағы 30 маман қатысты. Ота 2021 жылы желтоқсанда Лидсте өтіп, 12 сағатқа созылған.

«Отадан кейін басқа әлемде жүргендей ояндым. Бәрі тез өтті. Ояна салып қолдарымды қимылдата алдым», - дейді Стивен.


Соңғы жаңалықтар