Ұлыбритания парламенті Brexit уақытын шегерді – Әлемдік баспасөзге шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.

Цифрлық технология дәуірінде насихат қалай жүргізіледі? – Vox

«Қазіргі заманда кез келген мекеме халықты өздері қалаған дерекке сендіре алады. Жаңалықтарды тұтыну саудаға айналған цифрлық технология дәуірінде қоғамдық пікірді басқару амалдары өзгерді. Тіпті, бұған New York Times немесе Washington Post секілді басылымдар да бұл проблемаға үлес қосуы мүмкін», деп жазады Vox.

Автор Цель университетінің философы, «Пропаганда қалай жұмыс істейді» кітабының авторы Джейсон Стэнлиден сұхбат алған. Философтың айтуынша, насихат жүргізу қоғаммен байланыс және маркетинг салаларымен тығыз байланысты.

«Ақпараттық кеңістік кеңейген сайын, шынайылық та азая бастайды. Насихат проблемасы бұқаралық ақпарат құралдарының құрылымынан туындайды. Себебі олар коммерциялық стимулмен жұмыс істегендіктен, олардың шынайылығына сенуге болмайды», дейді спикер.

Ұшақта ұзақ ұшу денсаулыққа зиян – Quartz

Ұшақта ұзақ ұшқан жолаушылар мен экипаж мүшелері денсаулыққа зиян сәулеге ұшырайды, деп жазады Quartz.

«Ұшақта ұзақ ұшқанда, мысалы, АҚШтан Жапонияға ұшу қуатты күн сәулеленуінің жылдық нормасынан жүз есе асып түседі. Бұл денсаулыққа өте зиян», деп жазады авторлар.

Зерттеуді геофизик ғалымдар жүргізген. Олардың айтуынша, сәулелендіру дозасының қуаты халықаралық стандарттар бойынша жылына 1 миллизиверттен аспауы керек. Ал он километр биіктікте Күн шығып тұрғанда бұл сағатына 2-4 микрозивертті құрайды.

«Яғни, ұшақта 20-сағат ұшқандар жылдық нормадан жүз есе көп сәулеленуге ұшырайы», дейді ғалымдар.

Әлемдегі ең үлкен түрме жабылатын болды - АВС News

АҚШ-тың Нью-Йорк штаты Райкерс аралында орналасқан әлемдегі ең үлкен түрмені жабу туралы шешім қабылдады. Билік түзету калониясының орнына Бруклин, Куинс, Бронкс пен Манхэттон аралдарында шағын түрмелер ашпақ, деп жазады АВС News .

Басылымның хабарлауынша, қалалық кеңес Райкерс түрмесі қатыгездіктің символына айналғанын, жаппай қамау саясатының сәтсіз болғанын, қала одан құтылу үшін қажетті шараларды қабылдау керектігін айтқан. Сонымен қатар билік өкілдері бұл түрменің жабылуы тұтқындар санын азайып, қылмыс деңгейінің төмендеуіне әсер етеді деп болжап отыр. Мамандардың айтуынша, тұтқындарды аралдан көшіру жоспарына 8 миллиард доллар жұмсалады.

Әлемдегі ең көп балалы ананың 44 баласы бар – Mirror

Генетикалық ерекшелігі бар әйел 23 жылда 44 бала туып, әлемдегі ең көп балалы ана атанып отыр. Осы аптада дәрігерлер оған операция жасап, әйелді бедеу қылды, деп жазадыMirror.

«Уганда тұрғыны 36-жастағы Мариям Набатанзи 23 жылда 44 баланы өзі босанған. Оның сирек кездесетін генетикалық ерекшелігі бар. Ол алғашқы егіздерін ол 13 жаста босанған. Ал өзінен 28 жас үлкен күйеуі отбасын тастап кеткен», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, әйел алты рет егіз, төрт рет үшем, бес рет төрт баланы дүниеге әкелген.

«23 жаста оның 25 баласы болған. Сол кезден бастап ол дәрігерлерге бала туу қабілетінен айырылғысы келетінін айтып жылап келген. Бірақ операция жасаудың сәті енді түсіп, әйел бедеу болды», деп жазады автор.

Ұлыбритания парламенті Brexit-ті кейінге қалдырды - ВВС

Ұлыбритания парламенті Brexit уақытын кейінге шегеруге дауыс берді, деп жазады ВВС.

Басылымның хабарлауынша, 322 депутат Brexit уақытын кейіге шегеруді сұрауын қолдап дауыс берсе, 306 депутат қарсы болған. Дегенмен, дауыс беру нәтижесіне қарамастан премьер-министр Борис Джонсон Еуроодақтан Брексин уақытын кейінге шегеруді сұрамайтынын мәлімдеді.

«Ұлыбритания Еуроодақтан 31 қазан күні қалайда шығады», деді Борис Джонсон.

Айта кету керек, егер Ұлыбритания Еуроодақтан келісімсіз шығатын болса, бұл мемлекетке үлкен шығын келтіреді, сонымен қатар экономикасына тигізетін зардабы зор.

Соңғы жаңалықтар