Ұлыбританияның Бристоль қаласында оқып жатқан қазақ жастары Наурыз мейрамын атап өтті

None
None
БРИСТОЛЬ. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Бристоль қаласында оқып жатқан қазақ жастары Наурыз мейрамын атап өтті. Шараның мақсаты - британдықтар мен шетел азаматтарына Наурыз мерекесі арқылы Қазақстанды, қазақтың мәдениетін, өнерін таныстыру болды.

Жастар келген қонақтарға қазақ елінің кешегісі мен бүгіні туралы танымдық ақпарат беріп, қазақша би билеп, Шәмшінің әндерін шырқады. Күй де тартылды.


Шетелдіктер қазақ ұлттық тағамдары - наурыз көже, бауырсақтардан дәм татып, кештен алған әсерлерімен бөлісті. Қазақ өнерімен, асxанасымен танысқан қонақтар ендігі жерде Қазақстанды барып көруге ынталы екендіктерін білдірді.

Бристоль - Ұлыбританияның оңтүстік-батысында орналасқан, xалқының саны жарты миллион болатын үлкен қалалардың бірі.

null


null

null

null

null

null

null

null


Автор: Жасұлан Майлыбай, Бристоль университетінің магистранты












Соңғы жаңалықтар