Үміткерлер Қазалы ауданында үгіт жұмысын жалғастыруда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының Қазалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Кәдірхан Еңсепов пен Жанат Ержігітова Қазалы ауданының көркейіп кеңеюіне, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге баса көңіл бөліп, өз үлесін қосып келе жатқан алпауыт кәсіпорын «Рза» АҚ мекемесінде еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде үміткерлер партияның 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, алдағы жоспарлар жайында айтты.

«Nur Otan» партиясы әрбір тұрғынның әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік жасайтын экономиканы құру міндетін қойып отыр. Осы орайда партия азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және фермерлерге барынша қолдау жасауды жоспарлауда», - деді кандидат Кәдірхан Төлемісұлы.

1 200-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын ұжымы 10 қаңтарда өтетін саяси науқанға сәттілік тілеп, бірауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндіктерін жеткізіп, жылы лебіздерін білдірді.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысындағы Қазалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.


Соңғы жаңалықтар