Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны жағынан антирекорд орнатты

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанда тәулік ішінде СOVID-19 вирусын жұқтырғандардың рекордтық саны тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат New Indiana Express-ке сілтеме жасап.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың жаңа 260 мың оқиғасы туралы хабарлады. Елде барлығы 15 миллионнан астам адам вирус жұқтырған. Осылайша, Үндістан коронавирусқа шалдыққан пациенттер саны жағынан әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.

Үндістан ауруханаларының алдында коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдыртуға ниетті адамдардың ұзақ кезегі орнады.

Елде коронавирус жұқтырудың алғашқы оқиғасы 2020 жылдың 30 қаңтарында тіркелген. Үндістанда коронавируспен ауырғандардың жалпы саны – 12 953 821 адам, 1 929 305 пациент емін жалғастырып жатыр. Үндістанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі кезде елде вакцинаның 123 миллион дозасы қолданылды.


Соңғы жаңалықтар