Үндістан мен Пәкістан оқ атуды тоқтату туралы келісімге келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістан мен Пәкістан әскерилері Кашмирдегі даулы шекара бойында оқ атуды тоқтатуға келісті. Бұл туралы Үндістан және Пәкістан әскери операциялары Бас штабтарының бірлескен мәлімдемесінде айтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Тараптар екі елдің қадағалауындағы аудандарды бөліп тұрған Қадағалау желісінде (Line of Control; LOC) оқ жаудыруды тоқтату бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Үндістан мен Пәкістан өкілдері Қадағалау желісі мен өзге учаскелердегі жағдайды бағалап, проблемалар мен келіспеушіліктерді реттеуге өзара күш салуға келісті.

«Екі тарап 2021 жылдың 24-25 ақпандағы түнгі уақыттан бастап Қадағалау желісі мен басқа учаскелер бойындағы оқ жаудыруды тоқтату туралы барлық келісімді қатаң сақтауға уағдаласты», - делінген бірлескен мәлімдемеде.

Бұл екі ядролық держава 1947 жылы Британиядан тәуелсіздік алған кезден бері Кашмирдің дербестігі төңірегіндегі наразылыққа байланысты үш рет соғысқан болатын.


Соңғы жаңалықтар