Үндістанда әл-Фарабидің 1150 жылдығы атап өтілді

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Үндістанда әл-Фарабидің 1150 жылдығы аталып өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 ақпанда Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің қолдауымен Нью-Делиде Дж. Неру атындағы университетте Шығыстың көрнекті ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Ерлан Әлімбаев өз сөзінде әл-Фарабидің мерейтойы UNESCO-ның атаулы күндер мен оқиғалар күнтізбесіне енгізілгенін және оны Делиде мерекелеу ұлы ғалымның Дүниежүзілік мұрасын зерттеуге және зерделеуге қуатты серпін беретінін атап өтті.

Іс-шараға қатысқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің делегациясы қатысушыларды ғалымның өмірі мен еңбектерімен таныстырды.

Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген жергілікті академиялық орта өкілдері мен Үндістанның ғылыми орталықтары мен институттарының басшылары Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасының маңыздылығын атап өтіп, осындай оқиғалардың екі елдің мәдениетін жақындастыру үшін маңызды екенін жеткізді.

Бұл іс-шара әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналған Үндістандағы мерекелердің бастауы болды.


Соңғы жаңалықтар