Үндістанда автобус өзенге құлап, алты адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанда бейсенбіге қараған түні жолаушылар автобусы өзенге құлап, кем дегенде 6 адам көз жұмды, 20-ға жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANI ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Келеңсіз жағдай орталық Мадхья-Прадеш штатының Райсен округінде болған.

Құрбандардың ішінде 2 жасар бала мен екі әйел бар.

Полиция жол-көлік апатының себептерін тергеу ісін бастады. Билік өкілдері қаза тапқандар мен зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетуге уәде берді.

Соңғы жаңалықтар