Үндістанда бір тәулікте 20-дан астам адам найзағай соғып, ажал құшты

None
None
ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістандағы Уттар-Прадеш солтүстік штатында найзағай салдарынан бір тәулікте кемінде 23 тұрғын мерт болып, 29 адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның мәліметі бойынша сегіз адам Аллахабадта, Мирзапур мен Бхадохи қалаларында алты адам, тағы екеуі Каусамби қаласында, біреуі Джаунпурда көз жұмған.

Жергілікті билік қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төлеуге уәде берді.

Бұған дейін Бихар штатында найзағай салдарынан 130-ға жуық адам мерт болған еді.


Соңғы жаңалықтар