Үндістанда жол апатынан сегіз адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстік-шығысында Ассам штатында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тапты. Бұл туралы сәрсенбі күні The Times of India газеті хабарлады.

Жергілікті биліктің дерегі бойынша, оқиға Удалгури округінде болған. Белгісіз себептермен жеңіл көлік жол жиегінде тұрақта тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Жеңіл көліктегі барлық сегіз адам оқиға орнында қаза тапты.

Ассам штатының бас министрі болған оқиғаға байланысты көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар