Уран өндіруге қатысты заңға өзгерістер енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша құжатқа Сенат енгізген толықтырумен келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 2020 жылдың 23 желтоқсанында Парламент Мәжілісі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне уран өндіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдаған болатын.

Биылғы 17 ақпанда Сенаттың жалпы отырысында «аталған заң жобасы екі оқылымда қаралды. Құжатқа толықтыру енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.

Заң жобасы Сенат комитеттің кеңейтілген отырысында екінші оқылымда қаралды. Құжат еліміздегі уран өндіру саласын құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған. Мемлекет басшысының биылғы 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік және жеке операторларды құруға тыйым салу жөніндегі берген тапсырмасын орындау мақсатында Сенат депутаттары заң жобасының бірінші бабының бесінші тармақшасының 14,15,16,17,18-ші және 19-шы абзацты алып тастауды ұсынды. Үкіметтің биылғы 17 ақпанда келген қорытындысына сәйкес, бұл ұсыныс қолдау тапты. Заң жобасындағы барлық түзетулер уран саласындағы қарым-қатынастарды әрі қарай жетілдіруге бағытталған.

Құжатты бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин ҚР Парламенті Сенаты енгізген өзгертумен келісуді ұсынды. Заң жобасын қарау кезінде палата депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірді.


Соңғы жаңалықтар